Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «еліміздің қасиетті жерлері бізді рухани жұтаңдықтан сақтайтын бірден-бір жол» делінген. Осыған орай, киелі жерлердің картасы түзілмек. Солтүстік Қазақстан облысында оған әзірге 14 нысан еніп отыр. Арасында дала өркениетінің бастауы саналатын «Ботай қонысы» да бар. Дәл осы жерде ата-бабалармыз төрт түліктің төресі - жылқыға ауыздық салған. Қаншама уақыт өтсе де, қоныстағы археологиялық зерттеулер әлі де жалғасып жатыр. Мұнымен қоса, Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші, Уәлиханов мазары мен Абылайхан резиденциясы енгізілді.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Нысандардың тарихына келетін болсақ, бес мың жылдық тарихынан бастап, екі мың бесінші жылғы кезеңмен кіреді. Бұл объекітлерді біздің өлкенің азаматтарына, жастарымызға сондай үлгі боларлық, рухани маңызды деп санаймыз. Сол себепті комиссияның шешімімен бүгінгі күні 14 объекті кіріп отыр. Ал келешектегі мақсатымыз, бұл объектілерді толықтырып, осы картаға енгіземіз. Ең көне нысан, бұл – «Ботай қонысы». Ал ең жасы бұл - «Қызылжар» мешіті.

Астанада да киелі жерлер картасы құрылады. Ол елорданың барлық тарихи-мәдени ескерткіштерін біріктіреді. Арнайы зерттеу тобы құрылып, оның құрамына ғалымдар, археологтар, тарихшылар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері кіреді. Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астанада «Бозок» қаласына мәдени-ғылыми экспедиция, қалалық жиын және жас өлкетанушылардың форумы ұйымдастырылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер