Жері шөлейтті Маңғыстауда жасыл желекке оранған «Кендірлі» шипажайы бар. Жергілікті халық «оазис» деп атайтын мекен – Ұлт жоспарының 57-ші қадамында көрсетілген үш зәкірлік жобаның бірі. Шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отырған демалыс орны биыл керегесін кеңейтті. Бұл жерде демалушылар теңізге шомылып, қыздырынып қана қоймай, денсаулығын ширатады.

 

ҒАЗИЗА АДИЛОВА, ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕР:

 - «Кендірлі» оңалту орталығы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біздің орталық негізінен сүйек-буын ауруларын емдейтін орталық болып бағытталған негізгі емі. Басқа да ауру түрлерін де қамтып өтеміз. 

 

Спортсүйер көпшілік үшін жағажай волейболы, бассейн, боулинг және бильярд залдары бар. Кешкі астан соң велосипед теуіп немесе қайықпен теңізге шығып бой жазуға болады. Балаларға арналған шағын аквапарктен күнұзақ кісі аяғы үзілмейді.

 

ӨМІРХАН ҮРПЕКОВ, ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатқан адамдар бар. Ресейден бар, Кавказдан, Әзербайжаннан келіп жатқан азаматтар да бар. Бассейн ішіне аквапарк қосып қойдық. Кішкентай балаларға арналған кинозал бар.

Жазғы шомылу маусымында табиғаты әсем шығанақ жағалауынан еңбектеген баладан бастап еңкейген қарияға дейін табылады. 

 

ӘДЕМХАН ӘБИЕВА, ТУРИСТ:

 - «Кендірлі» демалыс орнына бірінші рет келіп жатырмын. Ем алып жатырмыз. Өте жақсы, емдері ұнап жатыр. Өте ризамыз, рахметімді айтамын.

 

ҚАБДОШ ҚАЛАҒАНОВ, ТУРИСТ:

 - Сырттай еститін едім, жақсы деп. Тамаша екен, демалуға болады екен. Демалысымыз жақсы, көңілді өтіп жатыр.

 

Инвестициялық қаражат тартылуымен келешекте «Кендірлі» демалыс аймағын әлемге әйгілі курорттық орынға айналдыру жоспарда бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер