Инновация – жарқын болашақ кілті. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жіті назар аудара отырып, инновацияға үміт артады. Атап айтқанда, ұйым авиация саласында баламалы отынды қолдану үлесін арттыру бағытындағы шараларды қолға алып, экологиялық стандарт қабылдады. Бұл туралы Астанаға сапары барысында аталған ұйымның Бас хатшысы Фан Лю мәлім етті. ИКАО басшысы еліміздің азаматтық авиация саласының өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы авиация қауіпсіздігіне оң бағасын берді.

 

ФАН ЛЮ, ИКАО БАС ХАТШЫСЫ:

 - Наурыз айында әуе кемелерінен шығатын СО2 ге қатысты бірінші стандарттар қабылданды. Оған қоса, баламалы жанармайды қолдану мәселесін қолға алдық. Осы және өзге де тың жағалықтар Мехикода өтетін халықаралық конференцияда талқыланады. ИКАО-ға кіретін елдер, оның ішінде Қазақстан бұл маңызды жиынға белсенді түрде қатысып, өз пікірлерін білдіруі керек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер