Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына - 25 жыл. 1992 жылдың шілдесінде Алматыда Грузияның дипломатиялық өкілдігі ашылды. Артынша 2003 жылы ол Астанаға ауыстырылды. Ширек ғасыр ішінде екі ел мәдени, экономикалық және саяси қарым-қатынас жібін үзген емес. Қазақстан Республикасының елшісі Грузияның маңызды стратегиялық әріптес болып қала беретінін айтты.

ЕРМҰХАМЕД ЕРТІСБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГРУЗИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Қазақстанның Грузия экономикасындағы активі 340 миллион доллардан асады. Бұл елде біздің ірі отандық компаниялар қызмет етеді. Қонақүйлер мен мейманхана бизнесіне де қыруар қаржы бағытталды. Батум портын да біз бұл елден 49 жылға жалға алып отырмыз. Екі елдің де теңізге шығар жолы жоқ. Сондықтан Грузия стратегиялық жағынан Қазақстанға жақын.

Алдағы уақытта да қос мемлекет сауда-экономикалық, мәдени байланысты арттыра бермек. Достығымыз да нығая түседі, - дейді Грузияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Зураб Абашидзе

ЗУРАБ АБАШИДЗЕ, ГРУЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

-  Екі елдің халқын шын жүрегіммен құттықтаймын. Осыдан 25 жыл бұрын біз дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанбыз. Бүгінде нағыз достықтың, ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отырмыз. Бұдан былай да қарым-қатынасты арттыра түсуге күш саламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер