ЕХРО көрмесінде Қазақстан өңірлерінің мәдениет күндері өтті. Жамбыл облысы мерекеге арнап театрландырылған қойылым әзірлеп, концерттік бағдарлама ұсынды. Аумаққа ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қонақтарға қымыз, шұбат ұсынылды, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

 

ОРАЗКҮЛ АСАНҒАЗЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Жамбыл облысы өзге өңірлерге қарағанда жұртты өзіне қатты елеңдетті. Керуенді қарсы алып тұрып шын мәнінде бір үлкен тарихи оқиғаның куәсі болғандай, үлкен бір фильм көргендей әсерде қалдық.

 

Шырайлы Шығыс өңірі де өнерден кенде емес. Облыс өнерпаздары EXPO төрінде Астана аспанын ән мен жырға бөледі. 4 театр, екі филармония, өнер колледжі. 300 әнші, актерлер мен күйшілер, бишілер бір аптаға Астанаға жиналды. Халық артисі Роза Рымбаева, жастардың сүйікті орындаушысы Әли Оқапов, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдары кештің ажарын аша түсті.

 

РОЗА РЫМБАЕВА, ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ:

 - Жерлестерімді қолдап сахнаға шығып жатырмын. Себебі, туған ел, туған жер әрқашан өзім үшін ыстық. Қаншама қонақтар келіп жатыр. Біздің елмен, жермен танысып жатыр.

 

Expo-2017 халықаралық көрмесін, басталғалы бері 40-мыңға жуық шығысқазақстандық тамашалаған. 23 шілдедеге дейін облыста Expo -2017 көрмесіне 89 700 билет сатылған.

 

БИБІХАН ҚАБЫЛХАНҚЫЗЫ, ШҚО ТҰРҒЫНЫ:

 - Халықаралық көрмесіне әдейі келдік. Өте жақсы көңіл-кйүдеміз. Әлемге танытып жатқан көрменің өтіп жатқанына куәгермін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер