Павлодар облысының Май ауданында ашық аспан астында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Туған жердің өткені мен бүгінін зерттеп-зерделеп, тарихи тың деректер жинауды мақсат еткен шара осы ауданда туып-өскен азаматтардың басын қосты. Осылайша, жалпыұлттық патриотизмнің өзегі болған «Туған жер» бағдарламасына Ертіс өңірі қызу қолдау көрсетті. Қазақ даласында өткен думанды германиялық мототуристер де тамашалады.

БЕТТИНА УЗЕНЕР, САЯХАТШЫ /ГЕРМАНИЯ/:

- Біз Астана және Көкшетау қалаларында болдық. Жергілікті тұрғындар жол бойы күтіп алып шығарып салып жатыр. Қазақстан ақжарқын халқы бар өте үлкен ел екен. Осындай үлкен мерекеге кездейсоқ тап болдық. Бізге оның маңызын түсіндірді. Қазақтар туған жерін құрметтейтін, отанын сүйетін керемет ел екен.

Конференцияға қатысқан ғалымдар тарихы тереңге кеткен Май ауданы туралы баяндамалар жасады. Өлкенің киелі орындарын зерттейтін арнайы экспедиция құрылып жатқанын жеткізді.

ҚАЙРАТ БАТТАЛ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Бұл негізінен қазақ тағдырында шешулі сәттердің бірі, оқиғалардың орын алған мекені. Кешегі Қалмақ қырғанды айтатын болсақ бұл мына бүкіл Сарыарқа үшін қазақ пен қалмақ арасындағы таласта шешуші шайқас болған жер.

АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:

- Найзадан бұрын, сөзбен тоқтатқан. Осының дәлелі ретінде білесіздер, Малайсары Тархан, Қазыбек би, Қазанғап басқа да жыраулардың кездері бүгінге дәл келіп отыр. Сондықтан бүгін біз Май еліндегі жұртшылыққа кешегі елдің тарихиымен болашақ рухапни жаңғыруына біраз жоспарлар жасап кеттік.

Жиналған қауым назарына Малайсары Тархан қойылымы ұсынылды. Меймандар ұлттық ойындармен бірге ат жарысын да тамашалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер