Қазақстанның егемендік рейтингі жақсарды. Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі болжамды тұрақтыға дейін жоғарылатты. Оң өзгерістерге бірнеше жағдай әсер еткен. Біріншіден, агенттік сарапшыларының пікірінше, Қазақстан экономикасы, бюджеті және банктік жүйесі мұнай бағасының төмендеуіне біртіндеп бейімделуде. Сондай-ақ, елдің қарыздары азайып, резервтері өскен. Алдағы жылдары мұнай құны баррелі үшін $40-60 дәлізінде сақталса, Қазақстан Ұлтттық қордың активтерін 60 млрд доллар деңгейінде тұрақтандыра алады, дейді Moody's сарапшылары. Айта кетерлігі, маусым айының соңында еліміздің алтын-валюта резервтері 29,8 млрд доллар, Ұлттық қордың активтері 62,1 млрд доллар көлемінде болған.

Төртінші өнеркәсіптік революцияға бет бұрған Қазақстанның әлеуетін әлемдік инвесторлар да оң бағалап отыр. Олар елімізде жаңа инновациялық жобалар пайда болып, экономика дамудың биік сатысына өткенін атап көрсетеді. Осы ретте АҚШ ірі инвестициялық компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жасырмайды.

САНДЖИТ ДАНГ, INTEL CAPITAL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Меніңше, Қазақстан – болашағынан зор үміт күттіретін, тұрақтылық орнаған қуатты мемлекет. Сіздердің елдеріңіз алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Біз бұл бағытта қолдау көрсетуге әзірміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер