Қазақстан Атлантикалық кеңестің отырысына қатысты. АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Орталық Азия: АҚШ сыртқы саясаты әлемдік күштер жолайырығында» деген тақырыппен басқосу өтті. Шараға Еуразия орталығының директоры Джон Хербст, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің кеңесші уәкілі Еркін Ахинжанов және басқа да танымал сарапшылар қатысты. Сұқбат түрінде өткен кездесуде Орталық Азиядағы саяси өзгерістер, Ауғанстандағы жағдай, Қазақстандағы институционалдық реформалар және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы жайлы сөз болды. Қазақстан өкілі аймақтағы соңғы саяси жағдаймен таныстыра келе, еліміздің экономика және саясат саласында үшінші жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Шараға жиналғандар да Қазақстанның экономикалық дамуы аймақтағы басқа елдер үшін үлгі екенін және осы қарқынды сақтау қажеттігін айтты.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер