Еліміздің батыс өңірінде зерттелмеген қорғандар мен көне қала орындары жеткілікті. Солардың бірі 13-15 ғасырларда салтанат құрған, Қасым ханның заманында қазақ хандығының астанасы болған Хан Ордалы Сарайшық қаласының серігі – Ақтөбе-лаэти шаһары. Дәл осы атауды жиһанкез-еуропалықтар картаға сызып қалдырған. Табылған монеталардағы жазуда қаланың аты «Құттыкент» деп көрсетілген. Бұл да, зерттеуді қажет ететін тақырып. Мамандар осы арада ірі өндіріс ошақтары жұмыс істеп, қолөнер мен зергерлік жете дамыған деседі.

 

МАРАТ ХАСЕНОВ, АРХЕОЛОГ:

 - Бізде көбінесе пікір қалыптасқан, қазақтарда жалпы, Алтын Ордада орта ғасырда номадтық көшпенділік тәрбие деген. Мына қалаға қарап біз ол кезеңде көшпенділік қана емес, мәдениет болғанын, өзінің өндірісі дамығанын көруге болады.

Сол кездің өзінде Ақтөбе-лаэтидің орнынан жүздеген жәдігер табылған. Атап айтқанда зергерлік бұйымдар мен қоса алтын, күміс монеталар табылды. Егер Хан Ордалы Сарайшықта жеті хан патшалық құрғанын ескерсек, олардың әрқайсысы өз ақшаларын шығарғаны анық. «Ал теңге сарайы осы Ақтөбеде болған»,-дейді мамандар.

 

РАШИДА ХАРИПОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ішінде алтындалған күміс монеталар табылуы бұл жерде ақша шығаратын орынадардың болғандығын дәлелдесе керек. Қазба жұмыстарын жүргізу арқылы барлық орындарды ашуға жұмыстанып жатырмыз.

 

Қазір көне қаланың орны қоршалып, күзет қойылды. Зерттеу жұмыстары аяқталысымен Ақтөбе қорғаны толық қалпына келтіріліп, ашық аспан астынан музей ашу жоспарланған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер