Қазақстан туристік саланы дамытуға ерекше мән беріп отыр. Бұл үшін арнайы құрылған ұлттық компания кең байтақ еліміздің тарихи, мәдени һәм рухани құндылықтарын шет мемлекеттерде кеңінен насихаттап, инвестиция тартумен айналысатын болады. Бұл ретте, межелі міндеттерді жүйелі жүзеге асыру үшін географиялық жағынан тұтас елді қамтитын 6 өңірлік-туристік кластер құру көзделген. Астана - мәдениеттердің геосаяси тоғысатын жеріне айналса, Алматы - өркениет бесігі, Шығыс Қазақстан - Алтай маржаны, Батыс Қазақстан - Каспий қақпалары, Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының жаңғыруы, ал, Солтүстік Қазақстан табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы ретінде кеңірек танылатын бірегей мекендер болады. Мәдениет орындарын ел мәйегіне айналдыру да маңызды міндет. Мәселен Астанадағы ұлттық музей мен облыстық музейлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.

 

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

 - Ұлттық музей мен 13 облыстық музейде көпэтносты Қазақстан жайлы арнайы залдар ашылды. Сол арқылы қазақстандықтардың патриоттық тәрбиесін қалыптастырып, оны одан әрі күшейтуге жол ашылды. 

Маңғыстау облысында «Каспий қақпалары» өңірлік мәдени-туристік кластері құрылды. Оның аясында 12 жоба жүзеге асады. Былтыр өлке туризмін дамытуды қолға алған кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы қабылданып, субсидиялар бөлінген. Құрылысы аяқталған жобалардың игілігін халық көріп отыр. Мәселен, теңіз жағалауындағы балалар лагері өткен айдан бастап оқушыларды қабылдай бастады. Сондай-ақ, Каспий жағасындағы бес гектар аумақта қонақ үй мен шипажай бой көтеріп келеді. Жоба құны – 642 млн теңге. Бұдан басқа яхта клубы, дайвинг орталығы, емдеу-сауықтыру кешені сияқты тың бастамаларға инвесторлар іздестірілуде.

 

ГҮЛМИРА СҮЙЕУОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ақтау қаласы жағалауын әрі қарай дамытуға арналған іскерлік жобалар бар. Олар қазір іске асырылуда. Біздің әкімшілік олардың іске асырылуына мониторинг жүргізіп, қолдау көрсетуд.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер