Қазақстан ядролық отын нарығында көшбасшыға айналуы мүмкін. EXPO-2017 көрмесі барысында Жаһандық бастамалар жөніндегі ғылыми кеңес президенті Том Блис осындай ойымен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстан МАГАТЭ-нің аз байытылған уранын орналастыру үшін ұтымды жер болмақ. Бұл банкті құру мен айтарлықтай уран қоры көлемінің арқасында Қазақстан уранды сақтап қана қоймай, оны өңдеумен де айналыса алады.

 

ТОМ БЛИС, ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстан МАГАТЭ – мен өз аумағында аз байытылған уран банкін құру жайлы келісім жасады. Ол уран атом электр стансасына арналған ядролық отын өндірісі кезінде пайдаланылады. Бұл Қазақстанға ядролық отын циклінің қатысушысы болып, мұнай мен газды азырақ тұтынуға мүмкіндік бермек.

 

Сарапшының айтуынша, Қазақстан бейбіт атомды дамытуға ден қоюы тиіс. Атом электр стансалары елдегі арзан және экологиялық таза электр энергиясының көзіне айнала алады. Том Блис алдағы 5 жылда көптеген ел атом энергетикасын дамытуға басымдылық береді деп отыр. Өйткені оның тиімділігі жоғары. Соңғы кезде көптеген ел күн және жел энергиясын пайдалануға көшсе де, бұл елдерде парниктік газ шығындыларының азайғандығы байқалмай отыр.Өйткені энергияның басым бөлігі көмірсутек есебінен түрлендіріледі.

 

ТОМ БЛИС, ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Мен Қазақстанға атом энергетикасын дамытуға кеңес берер едім. Өйткені ол өзгелерімен салыстырғанда экологиялық таза әрі тұрақты. Мәселен, Германия күн және жел энергиясын пайдалануда. Алайда оның көмірсутекті пайдалануы, керісінше, ұлғайды. Күн және желмен салыстырғанда атом электр стансалары электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ете алады.

 

Экология және энергия тиімділігі саласындағы белгілі сарапшы ЭКСПО-дағы атом энергетикасы апталығы аясында Ресей павильонының шақыруымен келген. Бұл жерде Том Блистің қатысуымен түсірілген «Ящик Пандоры» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Картинада бейбіт атом жөніндегі кереғар пікірлер мен олардың негізсіздігі жайлы сөз болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер