2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,2%-ға артты. Жағымды көрсеткішке сауда серіктес елдердегі экономикалық өсім және ел ішіндегі тауар бағасының тұрақтануы себеп болған. Мәселен, Жалпы ішкі өнімнің өсім көрсеткіші еуроаймақта 1,7, Ресейде 0,5, Қытайда 6,9 пайызға өскен, ал осы елдермен экономикалық байланыс тығыз болғандықтан біздің экономикада байқалды.

 

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Қазақстанның негізгі сауда әріптестері елдерінде экономикалық белсенділіктің артуы, сондай-ақ әлемдік экономиканың өсуіне қатысты оң күтулер жағдайында дамыды.10:23 Жалпы алғанда сыртқы факторлардың ҚР экономикасына жағымды әсерін және экономикамыздың ішкі даму параметрлерінің бірте-бірте тұрақтануын атап өтуге болады.

 

Соған сәйкес, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және көлік сынды салаларда ілкімді істердің игі нәтижесін байқауға болады. Ал ұлттық валюта алғашқы жарты жылдық нәтижесі бойынша 3,3 пайызға нығайған.

 

ОЛЕГ СМОЛЯКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ұлттық банктің алтын-валюталық қоры маусым айының соңына дейін 30 миллиард долларға теңесті. Оның көлемі биыл біршама ұлғайып отыр. Ал ұлттық қордың валюталық қоры 62 миллиард долларға жетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер