Орта ғасырдағы қазақ тарихын зерттейтін ғылыми орталық ашылады. Бұл туралы «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов баспасөз мәслихатында мәлімеді. Оның айтуынша, кезінде Алтайдан Дунайға дейінгі аумақты жайлаған бабаларымыздың қалдырған ізі туралы көп дерек көмескіде жатыр. Оны жарыққа шығару үшін отандық ғалымдар шетелдегі мұрағаттарды, көне ескерткіш, тарихи жерлердің бізбен байланысын тереңірек зерттемек. Айта кетейік, мамырда Қазақстаннан бастау алған «Бабалар ізімен» экспедициясы 70 күннің ішінде әлемнің 20-ға жуық елін аралаған еді. Осы уақыт ішінде көп құнды дерек табылды. Сапар барысында экспедиция мүшелері ат шалдырған жердің бәрінде тұрғындардан генетикалық сынама алды. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың жоба түбі бір, туысқан халықтардың қазаққа қаншалықты жақын екенін енді ғылыми түрде анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қыркүйек айында, Астанада, шетелдік тарихшылар мен ғалымдардың басын қосатын ғылыми конференция өтеді.

 

САПАР ЫСҚАҚОВ, «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл ғылыми орталық біздің ғалымдарды, шетелдің ғалымдарын осы жұмысқа жұмылдырамыз. Біздің ғалымдар шетелдің архивтеріне барып біздің тарихымызды қопару керек. Ал, шетелдегі ғалымдар олар өздеріндегі архивтерді қопарып содан ғылыми жұмыстар жасап, кітап қылып шығарамыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер