Омбы мұрағатының құжаттары елордаға жеткізілді. Материалдардың арасында Омбы және Ақмола облыстарының тарихына қатысты 40-қа жуық құжат бар. Арасында Кенесары хан, Әлихан Бөкейхан, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллиндерғе қатысты құнды деректер де бар. Сирек кездесетін, айрықша құнды құжаттар болғандықтан Кеңес кезінде зерттеушілердің қолына түсе бермеген, - дейді Омбы архивінің қызметкерлері.  Қазақ халқының тарихының маңызды құжаттарын зерттеушілер үшін алғаш рет көпшілік назарына ұсынып отырмыз. Қазақ тарихында елеулі орны бар тұлғаларға қатысты ең қызық деректер іріктелген.

 

ГАЛИНА РАСТЕГАЕВА, ОМБЫ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

 - Біз, әрине, қазақ тарихына байланысты барлық құжаттарды әкеле алмадық. Бұл деректер олардың тек бір бөлігі ғана. Омбы архивінде осындай құжаттардың бар екенін көрсетіп, жұртшылықтың қызығушылығын оятпақ болдық. Кейін олармен танысуға, өзге де көрмелер ұйымдастыруға жағдай жасамақ болдық. Әкелінген әрбір құжат құнды. Өйткені олар кітап емес, фильм емес, тек жалғыз дана.

 

Көрмеден XIX ғасырға тиесілі Ақмола облысының картасын да көруге болады. Бұл құжаттардың көшірмелері Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер