Астанадағы ЕХРО көрмесіне байланысты Наурызым қорығында қарбалас. Көрікті орындарын көрсету үшін алты арнайы бағыт әзірленді. Мұнда келген адамдарды алдымен музейге апарады.

 

ҚАНАТ БАТЫРХАНҰЛЫ, НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Музейіміздің бірінші залы - ол орман диорамасы. Бул наурызым коргандагы орманды бейнелеп тур. Екінші диорама залымыз ол Науырзым қорығының даласы. Осы сақталған даланың арқасында біз 2008 жылы ЮНЕСКО-ның құрамында ендік. Ал біздің сұлуда, керемет жерлеріміз ол Науырзым көлдері.

Наурызым қорығы алуан түрлі өсімдік әлемімен ерекше. Байырғы қалпында сақталған табиғат алабында сирек кезесетін аң-құстарда аз емес. Сондықтан бұл мекен экологиялық туризмнің нағыз көзі.

 

АЗАМАТ КҮЛБАБЕКОВ, ҚОРЫҚШЫ:

 - Мына жерде бұлағымыз бар. Төрт көліміз бар. Сосын бері қарай жүрсеңіз 14 шақырым жерде бақшамыз бар, алма бақшамыз. Аңдар келеді.

Жылына қорыққа мыңға жуық адам туристік сапар шегеді екен. Торстен Прёль – кәсіби фотограф. Германиядан жұбайымен бірге осы жаққа жыл сайын келеді. «Жабайы табиғатқа жақын жандар үшін бұл нағыз жер жанаты», - дейді ол.

 

ТОРСТЕН ПРЁЛЬ, ЗЕРТТЕУШІ, ФОТОГРАФ, /ГЕРМАНИЯ/:

 - Бұрыңғы қалпында сақталған әсем табиғатты тамашалағысы келетіндерді ұсақ-түйек тұрмыстық жағдай тоқтата алмайды. Мұнда тіпті терең ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Наурызым қорығына саяхаттаға қонақтар аудан орталығы Қараменді кентіндегі қонақ үйде тыныға алады. Мұнда туристер үшін барлық жағдай жасалған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер