Ғарыш әлемінің тарихы мен болашағы. Аспан кескіндері мен ғарыштағы станцияның жұмысы. Мұның бәрін ЕХРО қалашығындағы «Нұр әлем» павильонынан көруге болады. Ғимараттың 7-ші қабаты ғарыш энергиясына арналыпты. Планетарийде ғаламның эволюциясы бейнеленген. Материяның түзілуі, энергияның шығарылуы, ғаламның кеңеюі, күн жүйесінің қалыптасуы ғажап көріністермен суреттелген.

 

ГРИГОРИЙ МУН, ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

 - Бұл жерде барлығы жақсы ойластырылған. Тіпті әрбір тетігіне дейін. Мен өз басым тура космоста жүргендей болдым. Әрине мен бұл саладан хабарым болғандықтан бәрін мұқият қарап жүрмін. Ғарыш саласын зерттеушілердің тың жобалары баршылық. Ғарыш энергиясының мүмкіндіктері орасан зор екндігін атап өткім келеді.

Ғарышты зерттеу орталығы да тың жаңалықтарға толы. Айналма дәлізбен жүріп өтіп, айдан бірақ шығуға болады. «Айда серуендеу» бөлімінде ғарышкерлердің ғылыми зерттеу жұмыстарын қалай жүргізетіндігін көруге болады. Сондай-ақ, келушілер ай бетінде жүретін машинаны, ғарышкердің киімдері мен басқа да дүниелерді көре алады. 

 

ДӘУРЕН ЖҮРСІН, ГИД:

 - Туристер үшін бұл эспозицияның барлығы өте қызықты. Оның тарихы, оны қалай қолдануға болатындығы жайлы білгісі келеді. Біз олардың сұраған мәліметтерін айтып беріп жатырмыз. Экспозиция танымдық мақсатта болғандықтан оны білгісі келеді.

Ғарыштың энергиясын пайдалану – арман емес, қол жетер мүмкіндік. Шексіз кеңістіктің ұлы күшін адамзат баласы жақын келешекте ауыздықтай алады, дейді ғалымдар. Мысалы, жиырма жылдан кейін гипердыбыстық ұшу аппараттары құрастырылады. Қазір зерттеушілер дыбыс жылдамдығынан 8-10 есе көрсеткіштерге қол жеткізіп үлгергені белгілі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер