Астананың қалыптасуы - қайталанбас бейнесі және әлемдік үнқатысу алаңына айналуы. Бас шаһардың жетістіктері Елбасы кітапханасында ұйымдастырылған «ашық есік күндері» аясында көпшілік назарына ұсынылды. Елорданың туған күніне орайластырылған онкүндік барысында бұқаралық мәдени шаралар мен тақырыптық шолу экскурсиялары өткізілді. Оның бірі -  «Елбасы және Астана» атты бірегей танымдық көрмесі. Онда келушілер 60 басылым, 47 архив материалдары, музей жинағынан 30 жәдігермен таныса алды. Сондай-ақ, мұнда келушілерге «Елбасы жолы» киноэпопеясы көрсетілді.  

 

БОТАГӨЗ ҚАЙЫПОВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Елбасы кітапханасы, мұрағаттары негізінде өз орнын алғанымен, Қазақстанда өз ерекшелігі бар. Себебі бұл мекеме, өзінің ғылыми зерттеушілік, мәдени-ағартушылық, музейлік, кітапханалық орын, көптеген саладағы іс-шараларды жүзеге асырып келе жатыр.

 

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ:

 - Мен қуаныштымын Астанамен бірге көркейіп, бірге өсіп-дамып келе жатқанымызға. Астананың көркеюіне әркім атсалысу  керек деп ойлаймын.  

Қала тұрғындары мен меймандарына 10 шілдеге дейін Елбасы кітапханасының  есігі айқара ашық болды. Бағдарламада әдеби-музыкалық кештер өткізіліп, театр қойылымдары сахналанды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер