Елорда күндіз қандай әдемі болса, түндегі келбеті шамдардың жарығымен ажарлана түседі. Түрлі-түсті шамдармен, ұлттық нақышта безендірілген еліміздің басты шаһары туристермен қонақтарды ерекше тартып тұрады. Жалпы Астананы қараңғылық түскеннен таңсәріге дейін барлығы 52 мың 569 шам жарықтандырып тұрады екен. «Ақылды қала» жобасы аясында энергияны үнемдеу шаралары да қолға алынған.

 

ҒАЛЫМБЕК ТӨРЕХАНОВ, «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 - Заменить более 25 тысяча светильников... «Жақын арада біз 25 мың шамды жарық диодты шамшырақтарға алмастырамыз. Олар энергияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде қаланың Қонаев, Достық, Еңбекшілер көшелерінде үнемді шамдар орнатылған. Олар маңынан адам өтсе, бірден жанады, ал ешкім жоқ кезде күңгірттенеді немесе өздігінен өшеді. ЕХРО көрмесі қарсаңында қалада күннен қуат алатын бағаналар да қойылған. Мәселен, Хан Шатыр мен Астана-опера аумағында күн панельдері мен жел генераторлары бар 20 тірек орнатылған. Яғни олар қуатты тек жел мен күннен алады. Бұл – серпінді жоба.

 

ҒАЛЫМБЕК ТӨРЕХАНОВ, «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 - Күн панельдері бар тіректер Ұлы дала көшесіне де орнатылды. Натрийлік шамдардың орнына қуат үнемдегіш лампаларды орнатсақ, шамамен жарыққа жұмсалатын бар шығынды 40-50 пайызға қысқартуға болар еді.

Астананы 1 ай бойы күн еңкейгеннен құланиекке дейін электр қуатымен қамту үшін 40 млн теңге жұмсалады екен. Елорда көшелеріндегі, сәулеті мен сымбаты келіскен зәулім үйлердегі шамдардың жарқылы ерекше. Аулаларға 3 мыңнан астам, саябақтарға 18 мыңнан көп шам ілінген. Түрлі әдемі дизайнды лампалардан көз сүрінеді. Әсіресе ерке Есілдің жағасы ертегі сияқты. Мына гүл секілді жарық шамдар ертегідегі мекенге ұқсап қалыпты. Халық елорданың жарығы әлем  астаналарынан еш кем емес дейді.

 

СӘНИЯ МОМЫНҚҰЛОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Өте әдемі, жас қала, левый берег дейді ғой, сол жақ өте әдемі екен. «Бәйтеректе» де болдық, түнгі, орталық жағы, фонари очень, освещениелері өте әдемі. Мешіті де әдемі, керемет.

 

ЛАУРА МАМЫТОВА, АСТАНА ТҰРҒЫНЫ:

 - Астана қалыптасқаннан бері жарықтандырғаннан бері басқа қалалармен салыстырғанда жарықтандыру жағынан басқа қалалардан жоғары деңгейде.

Нью-Йорк, Лондон, Сингапур, Токио сияқты әлем астаналары түнгі жарығымен таң қалдырады.  Қаланы шам сәулесімен безендіру биік өнерге айналған. Елорда басшылығының бұл мәселеде көрікпен бірге, үнемділікке де мән беруі қуантары сөзсіз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер