EXPO-2017 көрмесі экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосып отырған Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырады. Бұл British Expertise International компаниясының директоры Найджл Питерстің пікірі. Ол басшылық ететін мекеме экспорттаушылар арасында жетекші сауда қауымдастығы ретінде танымал.

 

НАЙДЖЕЛ ПИТЕРС, BRITISH EXPERTISE INTERNATIONAL ДИРЕКТОРЫ:

 - Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, біз Қазақстанды мұнай және газға бай мемлекет ретінде танимыз. Бірақ сіздердің басқа да мүмкіндіктеріңіз зор. Әсіресе, баламалы энергия саласында. Біріккен Корольдіктің павильоны - ірілігімен де, мазмұндылығымен де алдыңғы қатарда тұрғандардың бірі екендігімен қуантады. Президент Назарбаев – болашақ туралы ойлайтын адам. Ол Қазақстанға алдағы 10 жылда не керек екенін жақсы біледі. Бұл шара елдің дамуына үлкен пайда әкелетіндігіне сенімім зор.

Жаһандану заманындағы жаңашылдықтың барлығы EXPO-2017 көрмесінде тоғысқан. Қазақстанға сапарлап келген Бундестаг депутаты Юрген Климке елімізден алған ерекше әсерімен бөлісті. Саясаткер Астанадағы ауқымды шараның ашылуына арнайы қатысқан. «EXPO қалашық талғамға сай тамаша салынған. Бұл ретте «Нұр Әлем» сферасының орны бөлек», дейді Бундестаг депутаты.

 

ЮРГЕН КЛИМКЕ, БУНДЕСТАГ ДЕПУТАТЫ:

 - Мен Астанаға  бірнеше рет табан тіреген едім. Бірақ бұл жолғы әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. ЕХРО көрмесі елордаларыңызды ерекше құлпыртып жіберген. Мен оны нағыз болашақ қаласы дер едім. Айналасына нұрын шашып тұрған «Нұр әлем» сферасының құрылымы өте керемет. Бас сұққан павильондарымның ішінде Қазақстанның ұсынған бастамалары мені қатты қызықтырды. Себебі онда энергияның барлық түрі паш етілген. Бұл ретте Неміс павильоны да  тың технологиялырын көрсетті. Көрмеде  қоршаған ортаға зиянын келтірмеудің барлық жолдары ұсынылған. Мәні мен мағынасы зор жиын көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер