Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданының тұрғыны Болат Тағабай халықаралық EXPO-2017 көрмесіне алып асық тарту етті. Туынды үшін 50 мың асық қолданған шебер осы арқылы «Асығың алшысынан түссін» деген тілегін арнап отыр.

 

ҚАНАТ ҚАЛИХАНОВ, КӨКТҮБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Осы асыққа бүгін баламмен, жанұямызбен көруге келіп отырмыз естігеннен кейін. Тәрбиелік мәні зор болашаққа ұрпаққа. Асығың алшысынан шықсын деп қазақ атам айтады. Көрейікші деп кеп отырмыз бүгін, міне.

 

Болат Тағабай – әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енген коллекционер. Ол EXPO-2017 көрмесіне арнайы тарту жасағысы келіп, бұл жұмысқа 6 айын арнапты. Алып асықтың ұзындығы – 4, ал биіктігі 3 метрге дейін жетеді.

 

БОЛАТ ТАҒАБАЙ, ШЕБЕР:

 - Асықтың маңызы зор. Қазақтар бір-біріне тілеу тілегенде «Асығың алшысынан түссін» дейміз. Сондықтан, алшысынан түсіп тұрған асық қойдық, еліміздің әлемге танылып жатқаны, бүкіл қазақтың асығы алшысынан түссін деген мағынада жасалған жұмыс.

16 жылдан бері асық жинауды ермек еткен шебер 4 жастағы ұлы Жомартты да ата дәстүрін ұлықтауға баулып келеді.

 

ЖОМАРТ БОЛАТҰЛЫ, ШЕБЕРДІҢ ҰЛЫ:

 - Біз әкем екеуміз үлкен асық жасадық. Енді оны Назарбаев атама апарамыз.

Болат Тағабай ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды азаматтық парызы санайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер