Елордада бауырлас халықтардың сүйікті тағамына айналған палаудың 600 келісі даярланды. Қала маңында құрылған этноауылда ашық аспан астында дастархан жайылып, меймандарға ас үлестірілді. Мың адамға шақталған палаумен қатар, Қазақстанды мекен еткен ұлттардың өзге де тіл үйірер дәстүрлі ас мәзірінен дәм татуға мүмкіндік болды. Ал мына 18-ші ғасырдың қазанында қазақтың бауырсағы қуырылды. Жалпы, ошақ басында қазандарға палаудың 5 бірдей түрі пісірілген. Қазақстан халқы Асамблеясының мүшелері елорданың туған күніне осындай тарту жасады. Оған ұйғыр, әзербайжан мәдени орталықтарымен қатар палау отаны - өзбек халқының бас шаһарымыздағы өкілдері атсалысты. Соңғылары ұлттық тағамның 3 бірдей түрін әзірлепті.

 

ШЕРЗОТ ПУЛАТОВ,  АСТАНА Қ. ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл палаулардың ішінде «той уашы» деген палау бар. Ол негізгі мейрамдарда, үлкен шараларда дайындалады. Одан басқа «шәйхана» палауын дайындадық. «Шайхана» ол белсенді палау. Ол арнайы қонақтарға дайындалатын палау. Самарқан палауы ол басқаша болады. Оның ішіне құрғақ жемістер қосылады. Бұл тағы бір рет көрсетеді біз осы қазақстанда барлығымыз бір-бірімізді сыйлап, татулықта тұратынымызды дәлелдейді.

 

Қайырымдылыққа үндейтін шара мерекелік концертке ұласты. Бағдарламада елімізде бірлігі жарасқан ұлттар мен ұлыстар достық жырын жырлап, дәстүрлі әндерін шырқап, халық билерін орындады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер