ЕХРО-2017 көрмесі Қазақстан елордасын туристік орталыққа айналдырды. Осы күнге дейін шараны алты жүз мыңнан астам адам тамашалады. Көрме басталған тек бір айдың өзінде Астана әуежайы арқылы 140 мыңнан аса шетелдік өткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3 есеге артық. Қазақстандықтардың арасында да ЕХРО-ға деген қызығушылық аз емес. Павильондардың ішінде «Нұр әлем» бірінші орында. Оны 200 мыңға жуық адам тамашалаған. Барлығы ЕХРО көрмесіне 2 жарым млн адам келеді деп күтілуде.

 

ТАЛЕБ РИФАИ, БҰҰ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИСТІК ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Орталық Азия – туристік картада қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Қазақстан бұған дәлел бола алады. Қазіргі таңда инфрақұрылым жасауға айтарлықтай қаражат жұмсалды. Мұның бәрі туризмнің дамуына жағдай жасайды деп ойлаймын.

 

Күніне көрмеге 25 мыңға жуық адам келеді. Олардың көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Әзірбайжан және Африка елдерінің павильондарына соқпай кетпейтін көрінеді.   

 

КАЛЕМ, ТУРИСТ /АВСТРАЛИЯ/:

 - Мен Австралиядан келдім. Демалыс алып алдымен Астанадағы ЭКСПОда болдым. Сөз жоқ көрме керемет ұйымдастырылған.

 

МАКС, ТУРИСТ /ИЗРАИЛЬ/:

 - Қазақстанға келудегі мақсатымыз –Астана ЕХРО-2017 көрмесін көру. Екі күннен кейін Алматыдан Астанаға жол тартамыз. Қазақстанда достарымыз көп. Маңызы жоғары халықаралық шара сәтті өтсін деп тілейміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер