Париж тұрғындары EXPO-2017 көрмесіне қатысу үшін Астанаға келуді жоспарлап отыр. Францияның белгілі журналисі Катрин Верже Қазақстанға сапар жасауды бірнеше жылдан бері армандап жүр екен. Париждік әріптесіміз біздің ел туралы достарынан естіп, EXPO-ға билетті көрме басталмас бұрын алып қойыпты. Еліміздің мәдениетімен жіті танысуды көздеп отыр.

 

КАТРИН ВЕРЖЕР, ФРАНЦИЯНЫҢ ТІЛШІСІ:

 - Көрменің ашылу салтанатын теледидардан көрдім. Сондай әсерлі болды. Астананың жаңа нышаны пайда болғандай. Міндетті түрде Қазақстанның сондай-ақ Қытай,Үндістан және Еуропа елдерінің павильонын көріп шығамын. Алматы мен Шымкентке барып,  достарыммен Қазақстанды аралап шығуды жоспарлап отырмын. Олар қазақ мәдениетімен және тілімен, салт-дәстүрімен танысуыма көмектеседі.

Ал Беларусиядан Астана EXPO көрмесіне 3 мыңға жуық турист келеді деп болжанып отыр. Беларусь туристерінің легі көрмедегі ұлттық күндері аясында байқалмақ. Бұл шара 13 тамызға белгіленген. Олар сапарды сәтті пайдаланып, дархан даласы бар Қазақ елінің тұмса табиғаты мен көрікті жерлерін тамашалауды жоспарлап отыр.

 

ИРИНА МАКАРЕВИЧ МИНСК ТҰРҒЫНЫ:

 - Көрмеде болашақ технологиясын ұсынатын барлық фирмалар бас қосады. Өте қызықты болытыны сөзсіз. Менің мамандығым – дизайнер. Демек адам игілігіне пайдаланылатын бірегей технологияларды  өз көзіммен көргім келеді. Жаңашылдық арқылы біз қай бағытқа бет алғанымызды аңғаруға болады. Сондай-ақ  көрмеде жұлдыздарды кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, біз Қазақстанды жақсы көреміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер