EXPO-2017 халықаралық көрмесі басталғалы ару Астана ерекше ажарлана түсті. Урбанистика, фэшн, мүсін және дизайн. Осындай замануи өнер жанрларында орындалған туындылардың бәрін «Нұржол» бульварынан тамашалауға болады. Есіл жағалауы мен орталық саябақ – туристер көп қыдыратын жер. Өзен жағасына қыдыруға келген халық таңның атысынан, түннің батысына дейін үзілмейді.

Бұл өнерлі жастардың басын ерке Есіл қосыпты. Көше музыканттары атанған олар Астанаға деген сүйіспеншіліктерін әндерімен жеткізуді әдетке айналдырған. Музыканттар халықаралық көрмеге келген қонақтар үшін ағылшын, неміс, тіпті, араб тілдерінде де ән шырқауға бар. Бүгінде әуесқой әншілер тыңдармандарын тауып үлгерді. Әлеуметтік желілердегі тыңдармандары 72 мыңға жеткен.

 

САЯТ ЕРСАЙЫНОВ, МУЗЫКАНТ:

 - Өзіміздің және басқалардың көңіл-күйін көтеру үшін ғана жиналамыз. Өзімізге әсер аламыз. Өлең айтқан кезде, ішіңдегі демің өзгеше болады, басқаша сезімге бөленесің.

 

БАСЕМ РАМЗЕ, ТУРИСТ /МЫСЫР/:

 - Еуразия төріндегі Астананың әсемдігіне көз тоймайды. Шаһардың сұлулығы мен қонақжай халқы бірден баурап алды. Әсіресе, Есіл жағасында серуендеп, қыдырғаннан жаным рахат тапты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер