Қазақстан мен АҚШ-тың дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай Астанада халықаралық конференция өтті. Екі ел арасындағы өзара құрмет пен сенім ширек ғасыр ішінде жаңа бір сапалы денгейге көтерілді. Конференцияда сөз алған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосқан үлестері зор екенін атап өтті. «Соның жарқын көрінісі ретінде ЕХРО-2017 көрмесін айтуға болады. Бұл мүддеміздің ортақ, ойымыздың бір екенін білдіреді»,-деді Мемлекеттік хатшы. Жиын барысында экономика, сауда, адами капиталды дамыту, жаһандық денгейдегі екі жақты серіктестік мәселелері сөз болды. Конференция жұмысына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол мен басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

 

ДЖОРДЖ А. КРОЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІ:

 - Астанада өтіп жатқан EXPO – біз үшін экономикалық қатынастардың көрінісі. АҚШ пен Қазақстанның экономикалық қатынастары энергетика саласына негізделген. Және де біз осы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіге мүдделіміз.

 

ЖҰМАБЕК САРАБЕКОВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Әзірге, Дональд Трамптың сыртқы саяси стартегиясы қалыптасу үстінде менімше орталық Азияға байланысты Трамптың саясатты бұрынғы жолмен дамып отырады. Және бұл ретте Собез 1 форматта, жаңа форматта дамиды деп ойлаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер