Қазақстанның киелі жерлерін аралайтын мотосапар 8 мың шақырым жүріп өтпек. 10 маусымда Атырауда басталған «Менің елім» мотосапары Астанаға жетті. 20 күннің ішінде қос дөңгелекті темір тұлпар тізгіншілері 18 қаланы аралауды жоспарлап отыр. Сапар «Қазақстан-2050» қозғалысының демеу болуымен қоғамдық сананы жаңғырту бағытында «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл экспедиция қатысушылары үшін тұңғыш мотосапар емес. Топ алғашқы экспедицияға осыдан 3 жыл бұрын шыққан болатын.

 

ОЛЕГ ШМАЛЬ, «WHEELS BROTHERS» МОТОКЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бұл – елді біріктіретін, экстремалды туризмге қызығатын достардың басын қосатын жоба. Біз осымен төртінші рет қатысып жатырмыз, алғашында бағыт-бағдарымызды білмейтінбіз, ал қазір әр қалада достарымыз бар. Біз өзгелерге туған жерді танудың қаншалықты оңай екенін көрсетеміз. Көлікке отырып, жолға шықсаң – болғаны.

 

Қоғамдық сананы жаңғырту шеңберіндегі «Туған жер» бағдарламасының мақсаты – туған өлкені танып, жастарды патриотизмге үндеу. Сондай-ақ, мотосапар қорытындысы бойынша туристік жерлердің бағдарын әзірлеу жоспарланған. Және де «Ең танымал  тарихи естеліктердің ТОП-25» рейтингі жасалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер