Елордада Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубының отырысы өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаткерлер және шығармашыл зиялы қауым қоғамдық сананы жаңғыртудағы журналистердің ролін талқылады. Басқосуға қатысушылардың пікірінше, елімізде жүргізіліп жатқан елеулі бастамаларды халыққа түсінікті тілмен түсіндіру міндеті масс-медиа өкілдеріне жүктелген. Сол себепті реформалардың сәтті іске асуына журналистердің қосар үлесі зор екені айтылды.

 

НҰРГҮЛ МАУБЕРЛИНОВА, ҚР АКМ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - «Рухани жаңғыру» деген арнайы сайт құру жоспарланып отыр. Онда бағдарламаның әр бағыты бойынша тараулар әзірлеу қарастырылған. Аталған портал сакралды, туристік орындардан бастап, егемен еліміздің елеулі есімдері, біздің замандастарымыз туралы ақпаратты қамтитын бірыңғай интернет ресурс болмақ.

 

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді Әсіресе мынау «Рухани жаңғыру» деген бағдарламаларды кеңінен тарату көзделген. Сол жағынан қарағанда журналистердің еңбегі көп деп ойлаймыз. Мәселен, әр жобаның артында үлкен үлкен ойлар жатыр соны еркін көрсету керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер