«Астана EXPO-2017 көрмесінен кейін халықаралық аренада Қазақстанның беделі бұрынғыдан да биіктей түседі», - дейді Ұлыбритания делегациясының басшысы Чарльз Хендри. Оның айтуынша, шет мемлекеттер көрменің ұйымдастырылуына қарап, Қазақстанның сенімді әріптес болатынына көз жеткізе түседі.

 

ЧАРЛЬЗ ХЕНДРИ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Астанадағы ЕХРО Қазақстан үшін  жаһандық  деңгейдегі ірі оқиғаның бірі ретінде тарихта қалары сөзсіз. Өйткені әлемнің әр түкпірінен осы елді көру үшін келетіндердің қарасы қалың. Меніңше, ЕХРО-ның басты ғимараты жаһандық сәулет өнерінің үлгісі бола алады. Халықаралық деңгейде бағалайтын болсам, бұл өте керемет құрылым. Ал көрменің ашылу салтанаты Голливудтағы шаралардан кем түспеді. Бізге сондай-ақ, қазақстандық әріптестермен жұмыс жасаған ұнады. Павильонымызды құрастыру барысында көп көмек көрсетті. Соның арқасында құрылысты уақытылы аяқтадық. Жалпы, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Украиналықтар Астанадағы EXPO-ның ашылуын тікелей эфирден көріп, Қазақ елінің өзіне жүктелген ауқымды шараны жоғары дәрежеде өткізіп жатқанын айтады.

 

ДАРЬЯ КАРЯКИНА, OUTLOOK ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - ЕХРО-2017 көрмесінің ашылу салтанаты мен шетелдік меймандарды қарсы алу рәсімін үлкен қызығушылықпен тамашаладым. Екі елдің бірлікте болуы және достық қарым-қатынасты одан әрі дамытып келе жатқаны мені қатты қуантады. Ынтымақ бар жерде үлкен істер атқаруға болады.

EXPO-2017 - адамдарды жасыл энергия бағытында шабыттандыратын және біріктіретін жоба. Кембридж университетінің аға қызметкері Ширин Акинердің ой-пікірі осындай.

 

ШИРИН АКИНЕР, КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Меніңше, көрме тұрақты энергия тақырыбын дұрыс таңдай білді. Өйткені ол бүгінде бүкіл әлем бойынша өзекті. Сонымен қатар, көрме көптеген адамдарды осындай маңызды сұрақты талқылау үшін біріктіре отырып, үйлеріне оралғаннан кейін оларды жаңаша ойлауға шабыттандырады деп ойлаймын. іс-шараны компьютер арқылы бақылап,  ақпараттар мен суреттерді қарап жүрмін және бұл мені қанаттандырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер