ЕХРО-ға келген шетелдік туристер үшін тағы бір сыйлық. Еуразия ұлттық университеті көптілдік сөздік шығарды. Құралда бүтін қазақ болмысына арналған сөздерді табуға болады. Олардың қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдеріндегі түсіндірмесі де айқындалған. Сөздікке енген сөздер 1 жыл бойы жан-жақты зерттеуден өтіп, халықаралық транскрипциясымен бірге берілген. Лексикографиялық дереккөздің 21 пайызы тамақ пен сусынды білдіретін сөздер. Сан жағынан келесі сөз топтамасында  дәстүр, әдет-ғұрып пен мерекеге арналған лексика тұр.

 

АЙГҮЛ БІЖКЕНОВА, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Тиражы 500 экземпляр. Бірақ әлі де шығарылады деп ойлаймын. Біз бәріміз кеңесе отырып, әрбір таңдалған қазақтың сөзін терең, дұрыс, мағыналы басқа тілдерге аударуға тырыстық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер