Келген қонақ көрмені, Астананы алаңсыз аралауы үшін еріктілердің көмегі қажет-ақ. Қазір ЕХРО қалашығында бір жарым мыңнан астам азамат келген қонаққа жөн сілтеп жүр. Бір Қарағанды өңірінен көрмеге көмек үшін 300 ерікті келген. Екінің бірі ерікті атана бермейді. Басты талап – үш тілді еркін меңгеру.

 

ЛӘЙЛӘ ӘЛИ, ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бізде 1500 волонтер Қазақстаннан болса, бір айда 50 волонтер басқа шетелдерден келеді. Осы айда 21 елден келді. Барлық материктерден келді, Австралиядан тамыз айында келеді. Қазір Африка, Азия, Еуропадан келген волонтерлар бар.

Испания, Германия, Ауғанстан, Италия, Өзбекстан. Атауы халықаралық болған соң ерікті атануға өзге елден келгендердің де еркі бар. Солардың бірі – Олег Кенитский. Тегі - украин, бірақ Италияның астанасы Римде тұрады. 

 

ОЛЕГ КЕНИТСКИЙ, ЕРІКТІ /ИТАЛИЯ/:

 - 2015 жылы Миланда өткен ЕХРО көрмесіне қатысқан едім. Айырмашылықтар бар. Біріншіден, көрменің тақырыбында. Астандағы көрменің өту масштабына таң қалдым. Бәрі үлкен, кең, жаңа. Екі күн бұрын Астанананы да аралап шықтық. Қазіргі заманға сай салынған ғимараттар ұнады. Ондайды мен тұратын Римнен кездестіре алмайсыз.

Бәтима әжейдің жасы 63-те. Зейнеткер болса да, зерігіп үйде отырғысы жоқ. Жасы алпыстан асса да, шет елден келген қонақтарға жөн сілтеп жүр. Ағылшын тілін арнайы  үйренген, неміс тілін мектепте оқыған.

 

БӘТИМА ҚҰСАЙЫНОВА ЕРІКТІ:

 - Пенсияға шығып жылардай болдым. Аллаға шүкір, денсаулығым әзірге бар. Әлі жүгіріп жүремін. Сондықтан, жай албарда отырғанша, мен ойлаймын біздің үкіметімізге, елімізге көмектесуіміз керек.

Алда халықаралық көрменің әлі 3 айы бар. 3 айда көрменің жұмысына 4500-ден астам ерікті жұмылдырылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер