Астанада ЕХРО көрмесіне арнайы әзірленген кәдесыйлар саудасы қызып тұр. Қонақтарға ыңғайлы болуы үшін арнайы дүкендер де ашылған. Елімізде кәдесыйларды ЕХРО брендімен өндіру құқын жеңіп алғандардың бірі – астаналық  кәсіпкер Бахаргүл Төлеген. Оның компаниясы тері, киіз, ағаш, асыл тастар мен бағалы металдардан  жасалатын алпыстан астам бұйым түрін шығарады. Халықаралық көрменің ашылуымен  кәдесый өндірісі де  еселеп артқан.

 

БАХАРГҮЛ ТӨЛЕГЕН, КӘСІПКЕР:

 - Тек қана осы жұмсақ ойыншықтың өзін 150 мың тиражға көбейтеміз деп ойладық. Одан басқа бізде значок бар, брелоктар бар, магниткалар бар, тағы да статуеткалар бар осы талисман бейнесіндегі. Осы кадесыйларымыз арқылы біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш ете аламыз.

Шетелдік қонақтардың әсіресе ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылығы басым. Қолөнер туындыларының арасында тарихи танымды кеңейтетін дүниелер де аз емес.

АЛИССА НУРФАРХАНА, МАЛАЙЗИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Қолөнер туындыларын тамашалай отырып, қазақ халқының сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін тани түсесің. Өзім естелік ретінде байтақ даланың тамаша табиғаты мен көркем жерлері бейнеленген кілемше сатып алдым.

Кәсіпкер Бахаргүл Төлеген осы үш ай мерзімде кем дегенде 600 мың кәдесый сатуды жоспалап отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер