ЕХРО көрмесі халықаралық қауымдастықтың Қазақстанды табысты, әрі озық ел ретінде танытады, дейді Грузия парламентінің депутаты Гугули Маградзе. Сондай-ақ, депутат Қазақстанның бұрынғы пост-кеңестік кеңістіктегі осындай беделді халықаралық шараны өткізіп отырған алғашқы мемлекет екенін атап өтті.

 

ГУГУЛИ МАГРАДЗЕ, ГРУЗИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Қазақстан әлемдегі ең беделді халықаралық шараны өткізіп жатқанына қуаныштымыз. Сонымен қатар, сіздердің ел бұрынғы кеңестер одағы кеңістігінде ЭКСПО көрмесін өткізіп отырған алғашқы мемлекет екенін атап өту керек. Бұған дейін көрме көбіне Еуропа, АҚШ, Жапония және Қытай елдерінде ғана өтіп келген.  Қазақстанды әлемдік қауымдастық мойындады деп сеніммен айта аламыз. Шараға қатысып жатқан 115 мемлекеттің барлығы қуатты әрі озық мемлекетпен тиімді стратегиялық әрі экономикалық әріптестігін нығайта түседі. Қазақстанға шын жүректен жетістіктерге жете берді тілеймін.

Түркиялық «Eko Avrasya» сараптамалық журналының бас редакторы Хикмет Эрен халықаралық көрменің ашылу салтанатынан ерекше әсерленгенін айтады. Оның пікірінше, биыл Астана халықаралық маңызды іс-шаралардың орталығына айналып отыр. Сириядағы дағдарысты реттеуге бағытталған «Астана процесі», елорда төрінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан мен Пәкістанның қабылдануы мен «EXPO-2017» көрмесі осы жылдың ең ірі оқиғалары ретінде тарих қойнауына енеді. Атап өту керек, «EkoAvrasya» журналы бір санын түгел ЕХРО-ға арнап, Астанадағы дүбірлі шара жайлы оқырмандарына мол мағлұмат ұсынды. Осы жолы басылым көрменің ашылу салтанатындағы, көздің жауын алар көрікті суреттерді жарияламақ.

 

ХИКМЕТ ЭРЕН, «EKOAVRASYA» САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Халықаралық көрменің ашылу салтанатын тамашалап, бауырлас елдің жетістігіне сүйініп, қуанышына ортақ болдық. Айтулы шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның қатысуы Қазақстаның халықаралық аренадағы зор беделін айқындап тұрғандай. Өткенге көз салсақ, Париждегі Эйфэль мұнарасы да ЕХРО аясында бой көтеріп, бүгінде  әлемге әйгілі сәулет туындысына айналғанын көпшілік жақсы біледі. «Болашақтың энергиясы» тақырыбын алған  Астана «EXPO-2017» көрмесі де ғылыми-технологиялық үдеріске қосқан үлесі мен сәулетті ғимараттарымен ерекшеленіп, ел есінде қалады деп сенемін. 

 

Астана ЕХРО көрмесінің  ашылу салтанатының өте жоғары деңгейде өтуі Қазақстанның маңызды шараға деген жауапкершілігін көрсетеді. Ал оған әлемнің белді көшбасшылары қатысуы оның салмағын,, еселей түсті. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей,, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы Сяо Бинь осылай дейді. 

 

СЯО БИНЬ, ҚЫТАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕСЕЙ, ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Көрме тақырыбынан Қазақ елінің болашаққа деген ұмтылысын, әлем елдерінің баламалы қуат көздеріне деген оң көзқарасын қалыптастыруға деген ізгі ниетін байқаймыз. Астана көрмесі сәтті аяқталып, жаhандық энергияға революция әкелген  абыройлы алаңға айналсын деп тілеймін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер