ЕХРО халықаралық көрмесі өтіп жатқан Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар ағылуда. Барлығы елорданың көркіне таңданысын білдіріп жатыр. Астананы Сингапур, Дубай секілді әлемнің алып шаһарларына ұқсаса, ЕХРО-2017 көрмесін жаңа технологиялар әлеміне сапар деп атады.

 

АЭРОН ХОН КАЙ ДЖЕТ ТУРИСТ /МАЛАЙЗИЯ/:

 - Мен ЕХРО көрмесін бұрын көрмегенмін. Сондықтан болар Астанадағы шарадан ерекше әсер алдым. Баламалы энергия көздеріне қатысты тың ақпарат көп екен.

 

РОДРИГО ХАВЬЕР ТУРИСТ /ЭКВАДОР/: 

 - Уау... Міне керемет! Қандай биіііік?! Мұндай ғимарат шынымен таңдай қақтырады.  Маған ұнады.

 

МИХАИЛ КОШКАРЯН, ТУРИСТ /АРМЕНИЯ/:

 - Көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Қатты ұнады. Алған әсерім керемет. 100-ден астам мемлекеттің қатысып отырғанына қарап-ақ шараның деңгейін байқай беруге болады.

 

ЕХРО қалашығына билет алып, арнайы келген отандастарымыздың да қарасы көп. Еліміздің әр түкпірінен келген қонақтар, павильондардың ашылу салтанатына куә болды. 

 

САУАЛНАМА:

 - Біз сонау Тараз қаласынан келіп тұрмыз Экспоға . Бізге өте қатты ұнады. Біз семьямызбен келдік. Өте жақсы жерде орналасқан. Өте керемет көңілдіміз барлығымыз.

 - Көңіліміз босап, мынандай мемлекетімізге мың да бір рахмет! Осындай ЕХРО-ны аз уақыттың ішінде ашып, бүкіл әлем келіп жатыр. Сондай толқыныста тұрмын. Бақыттымын мен. 21-ші ғасырда міне 70-ке келіп қалдық. Тірі жүріп көру деген бізге бақыт қой.

 - ЕХРО өте ұнап жатыр, Кешегі ашылуына да қатысқам. Бүгін павилоьондарды тамашалауға келдік. Барлық мемлекеттер өздерінің озық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер