Қазақстан – әлемдік экономикалық процестің дамуына жағдай жасап, ынталандырып отырған ел. Мемлекет сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына, әсіресе еуразиялық кеңістікте бар күшін салып жатыр, дейді әзірбайжандық саясаттанушы Тофик Аббасов. ЕХРО-2017 көрмесінің маңыздылығына тоқталған сарапшы мемлекеттің орасан зор жұмысты жүзеге асырғанын атап өтті.

 

ТОФИК АББАСОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Қазақстан энергетикалық факторды жемісті жүзеге асыра алған ел ретінде танымал. Мемлекет ұстанған бағыт-бағдарды бағамдап, біздің түсінігіміздегі өмірге құлшыныстың барлық жағымды жақтарын байқауға болады. Біз көп жоба тұрғысында бір-бірімізге қолдау көрсетіп келе жатқан мүдделес ел әрі өте жақын әріптеспіз. Сондықтан ортақ жеңіске бірге қол жеткізетінімізге сенімім зор.

 

Шетелде тұратын қандастарымыз ЕХРО көрмесіне келуге ынтық. Германиядағы қазақ диаспорасының өкілдері ауқымды шараның ашылуы салтанатын тікелей эфирден көрген. Малабақан Безеритханның айтуынша, ол Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып беделді көрме өткізіп жатқанын мақтан тұтады.

 

МАЛАБАҚАН БЕЗЕРИТХАН:

 - Мен екі жылдан бері ойлап жүрмін, күн санап жүрмін Астанаға барамын деп қуаныштымын өзім. Маусым айының жиырмасында Астанаға барам өз көзіммен көрем сол ғимараттарды. Бірінші мақсат ЕХРО-ны көру, қай технология, қандай жаңалықтар бар екен. Сол мемлекеттердің арасында Қазақстан бірінші болып жасауы өте тамаша.

 

Ресей Астанадағы көрмеге келетін,, саяхатшылар саны бойынша Қытаймен бәсекелеседі. Туристердің басым көпшілігі қыркүйектің 8-інде Ресей күніне орай келеді деп күтілуде. Көрмеге әсіресе Қазақстанмен шекаралас 12 аймақ пен елдің орталық бөлігінен көптеген саяхатшы қатысуды жоспарлап отыр.

 

ЕЛЕНА ПАНЧЕНКО, МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ:

 - Жаздың аяғына таман ЕХРО-ға баруды жоспарлап қойдым. Шараның ашылуын көрген едім. Шынымды айтсам таңданысымда шек жоқ. Өте тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Меніңше көрме одан әрі де осындай жоғары дәрежеде өтетін болады. Сапар кезінде Дю Солей Циркін де Ла Скаланы да міндетті түрде көрмекпін.

 

МАКСИМ БОГДАНОВ, МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ:

 - Астанадағы ЕХРО туралы достарымнан естіп білдім. Кеше тікелей эфирде көрсетті. Маған ашылуы қатты ұнады. Келесі айда демалыс алып жатсам мндетті түрде барамын. Шетелдерден көптеген жұлдыз келеді деп естідім. Қазір билет алуды жоспарлап отырмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер