Астанада ЕХРО көрмесі аясында өткен Энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форумы мен осы саладағы министрлердің кезекті конференциясы елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне баламалы қуат көздерін дамыту және климаттың өзгеруі мәселелерін егжей-тегжей талқылауға мүмкіндік берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының бас директоры Ли Йонг осы мәжілістердің алғашқы сессиясына төрағалық етті. Ли мырза Kazakh TV арнасына эксклюзивті сұхбат беріп, тұрақты энергетиканың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.

 

ЛИ ЙОНГ, БҰҰ ӨНЕРКӘСІПТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Кездесу жоғары деңгейде өтті. Мен «Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу» жөніндегі министрлер конференциясының бірінші отырысына төрағалық еттіп. Кездесуде Сауд Арабиясы, Қазақстан және Ресей елдерінің министрлері орнықты энергетика бойынша өз елдерінің ұстанымдары мен стратегияларын баяндады. Бұл өте маңызды, себебі олардан көп нәрсе үйренуге болады.

 

ЛИ ЙОНГ, БҰҰ ӨНЕРКӘСІПТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Тұрақты энергияның адамзат үшін маңызы жоғары екені анық, себебі қазба отыны ластанудың бірден-бір көзі. Сондықтан қазір осы бағытта қолға алынып жатқан шаралар нәтижелі болады деп сенеміз. Жаңартылатын қуат көздері сарқылмайды. Таза энергияны барлық жерден табуға болады, күн, жел, геотермалды және биомасса. Осының бәрі сарқылмайтын қуат көздері. Сондықтан біз адамзат игілігіне қызмет ететін жасыл технологияларды дамытуымыз қажет. Бұл қолжетімді, себебі бүгінгі күні технологияның даму қарқыны таң қалдырады, ал жаңартылатын қуат көздерінің қоры шексіз. Бір күні жер бетіндегі барлық елдер жаңартылатын энергияға көшкен кезде біз әлемнің қалай өзгергенін өз көзімізбен көретін боламыз.

 

ЛИ ЙОНГ, БҰҰ ӨНЕРКӘСІПТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Әрине, Париж келісімі халықаралық қоғамдастықтың керемет жетістігі болып табылады. Көптеген елдер таза энергетика мен қоршаған ортаны қорғау қажет деген ортақ пікірге келді. Халықаралық қоғамдастықтың бұл әрекеттері келешекте оң нәтижелерге алып келетініне сенімдімін. Бүгінгі күні тұрақты энергетиканы дамыту үшін арнайы стратегия қабылдаған елдер саны көбейіп келеді. Жаңартылатын қуат көздерін тұтыну мөлшерін арттыру өте маңызды. Тіпті, кейбір мемлекеттер қазба отынынан бас тартып, 100 пайыз жаңартылатын энергия көздеріне көшу бойынша жоспар әзірлегенін білеміз. Бұл атқарылып жатқан нақты іс-шаралар. Сондықтан технологиялық даму барысында жаңартылатын энергия көздері біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналатынына сенімдімін.

ЛИ ЙОНГ, БҰҰ ӨНЕРКӘСІПТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Әлем елдерінің жаңартылатын энергия көздерін ғылыми-зерттеу құрылымдарын дамыту бағытындағы іс-әрекеттеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы үнемі қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан, Астанада құрылатын Жасыл технологиялар орталығы Қазақстан үкіметінің баламалы энергетиканы дамытуға қосатын нақты үлесі болары анық. Сіздің елдің бұл шешімі және Астанада «Болашақ энергиясына» арналған көрменің өткізілуі аймақ елдері үшін тұрақты энергетиканы дамытудың жарқын мысалы болады деп ойлаймын. 00.06.27.08 00.08.58.10 Мен Қазақстан үкіметінің және мемлекет басшысының осы шараларын аса жоғары бағалаймын.

 

ЛИ ЙОНГ, БҰҰ ӨНЕРКӘСІПТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Мен осыдан үш жыл бұрын Астанаға келгенмін. Ол кезде ЕХРО құрылысы әлі басталмаған болатын. Сонда болашақ энергиясына арналған шараның дизайнымен таныстым. Энергетика министрімен кездесу өткізіп, біз Қазақстанда жаңа энергетикалық стратегияны дамыту жолдарын талқылаған едік. Сіздердің осы күні ол құжатты дайындап қойғаны мені таң қалдырып отыр.  Және ол күн мен жел қуатын пайдалануға негізделген екен. Қазақстанның қазба байлықтарға өте бай ел бола тұра, жасыл энергетиканы дамытуы, ел басшылығының көреген саясат жүргізіп отырғанын көрсетеді. Яғни, сіздің басшылық халықтың болашағын ойлап, бес-он жылға емес, ұзақ мерзімді келешекке жоспар жасап отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер