Елімізде халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны бастау алды. Қарулы күштердің 25 жылдығына орайластырған шара «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтуде. Астанадан келген Амангелді Сұлтан – құлтемір құрастырудың шебері. Ол Сағдат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде оқиды. Болашақта әскери барлаушы болу Амангелдінің арманы. Оны осы бастан жүзеге асыру үшін өзі құрастырған роботына «Лего барлаушы» деп ат қойыпты.

 

АМАНГЕЛДІ СҰЛТАН, «ЖАС ҰЛАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

 - Мен осы «Айбын» жарысына бірінші рет келіп отырмын. Біздің командамыздың  мақсаты Айбында жеңіске жету. Осы жолда аянбай еңбек етеміз. Лего робот адам кіре алмайтын жерге кіре алады мен қарастырған. Менің барлық пәрмендерімді орындайды.

Дәстүрге айналған әскери бас қосуға шет мемлекетпен елімізден 600 бала келген. Дала жаттығуына қатысушылар пневматикалық қарудан оқ атып, «World of tanks» (Уорлд оф тэнкс) компьютерлік ойынынан сынға түседі. Мақсат өз ара тәжірибе алмасып, әскери қызметті насихаттау.  

 

ТАЛҒАТ МҰХТАРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Айбын жиынының негізгі мақсаты оның бағдарламасы толықтырылған. Мұнда байқаулар, конкурстар, әскери эстафеталар өтеді. Жасөспірімдер біздің қару-жарақпен танысады.

 

«Айбын» елімізде жыл сайын ұйымдастырылғанымен халықаралық деңгейде алғаш рет өтуде. Келер жылы ел патриоттарының саны бұданда ұлғаймақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер