ЕХРО көрмесіне орай Астанада 7 млн гүл отырғызылды. Елордамыз сылқым қыздай сыланып, көркейе түсті. Қаланың жарқыраған келбеті көз қуантады.

 

САУАЛНАМА:

 - ЕХРО-ға жұбайымыз екеуіміз арнайы келдік. Көрме басталуы алдында қаланы тамашалап ерекше әсерге бөленудеміз. Астана өте әсем қала.

 - Қаланың өзі табиғат аясы сияқты. Демалған сайын тынысың кеңе түседі. Гүлдерің молдығы мен қош иісі адамға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

 

Меймандардың көңілін аулаған елордалық бағбандар көшеге гүл егіп қана қоймай, әр түрлі пішінді туындыларды да жасай білген. Иә, бұл – гүлден жасалған қазақ қыздарының мүсіні. Көптің назарын аудартар дүние екендігі сөзсіз.

 

БИБІГҮЛ БЕКТЕМІСОВА, «АСТАНА КӨГАЛДАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫСЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Мұның осылай әдемі түсуіне, біздің өзіміздің мекемеде дизайн бөлімі бар. Солардың арқаларында өзіміздің агрономиялық отделдар бар. Солардың арқаларында және осы өндірісте жүретіндер ақылдасып, көпжылдық гүлдер қосып отырмыз.

Мүсіндерден бөлек, гүлзарлар да барынша ою-өрнекпен байытылған.

 

САУАЛНАМА:

 - Барлық жер гүлденген, бақшада жүргендей боласың. Шымкенттен, сарыағаштан келдік.

Біріміз көріп жүрген, өзгелеріміз енді көретін тамаша дүниенің бәрі осы мамандар еңбегі. Елорданы абаттандыру үшін барын салып жатыр.  

 

ИРИНА БАЙРАМОВА, ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

 - Шырайгүл, ценирария, барқыт, раушан жалпы саны 30 түрлі гүл өсірдік. Астана көшелері мен саябақтарының көркін келтіріп тұрған солар. Бұрын жылына 5 млн көшет отырғызылатын. Биыл бұл сан ЭКПО-ға байланысты тағы 2 млн-ға арттырылды.  

 

Айта кетейік биыл Астанада көгалдандыру аумағы біршама артып, 170 мың шаршы метрге дейін жетті. ЕХРО көрмесіне көрік берген бас қаламызды күтіп-баптауға 2 мыңға жуық адам атсалысты.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер