ЕХРО қалашығында энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форумы мен осы саладағы министрлердің кезекті конференциясы ұйымдастырылды. Жаһандық жиында жаңартылған қуат көздеріне көшу жолдары нақтыланып, атмосфераны зиянды заттардан тазарту жайы талқыланды.

Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Түркияның энергетика саласындағы мақсат-міндеті бір. Бұл елдердің жауапты министрлері ауаға тарайтын зиянды заттарды азайтып, «жасыл» жобаларға баса көңіл бөледі.

 

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - 2013 жылы еліміз «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымданы қабылдап, энергетика секторын жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бұл жұмыстар 2050 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қосымша 3 пайызға арттырады. Және 500 мың жұмыс орны ашылуы тиіс.

 

АЛЕКСАНДР НОВАК, РФ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Ресей парниктік газдардың мөлшерін едәуір азайтып отыр. Қазір бізде энергия ресурстарын тұтыну көлемінің жартысы газға тиесілі. Көмірдің еншісінде - 15 пайыз. Ал гидростанциялар, атом мен баламалы қуат көздері энергияның 35 пайызын қамтамасыз етеді. Оған газды қоссақ, 85 пайызға тең. Осылайша, Ресей аймағында энергияның басым бөлігі көмірсутегі жоқ немесе көмірсутегі төмен шикізаттан өндіріледі.

 

Парниктік газдардың атмосфераға таралуын азайтуды Қазақстан да діттеп отыр. Еліміз былтыр осы мақсатты көздейтін Париж келісіміне қосылды Ал бұл жолғы форум кезінде «жасыл» жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бірқатар құжаттар бекітілді. Ұлттық ядролық орталық пен халықаралық ITER ұйымы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Оған қоса, елордада халықаралық «жасыл» технологиялар орталығын құру жөнінде бірлескен мәлімдеме жасалды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер