Көшпенді өркениеттің рухани мұрасы. Елордада «Ұлы дала жауһарлары» атты көрме ашылды. Онда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапxанасының мұражай қорындағы қазақ халқының мәдениетінен сыр шертер құнды жәдігерлер қойылған. Көненің көзі күмістен соғылған зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері мен тұрмыстық заттар көпшілік назарына ұсынылды.

 

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ КІТАПXАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Шағын болсада көрменің маңыздылығы бір келген адам қазақ мәдениеті туралы толығымен қызығушылық танытатын мәлімет алады деп үміттенеміз.  

 

Көрменің көздегеніде осы. ЕХРО өтетін үш ай бойы жұмыс істейтіні де бекер емес. Мақсат – шетелдік қонақтарға қазақ халқының шежірелі тарихын танытып, ұлттық өнерді насихаттау.

 

АДАМ БАРБОЛЕТ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАНАДА ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Көрменің танымдық маңызы зор. Бір залдың ішінде шоғырланған жәдігерлер қазақ өнерінің жан-жақтылығын көрсетеді.  Әр туынды көздің жауын алып өзіне еліктіреді. Жеке өз басым көшпенділердің бай мәдени мұрасы жайында нақты тарихи мәлімет алып, кереметтігіне көз жеткіздім. 

ЕХРО қонақтары көшпенділер мәдениетінің мұрасымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның көркем өнер туындыларының үздік үлгілерін тамашалай алады. Өткеннің жарқын көріністері бейнеленген мына еңбектер отандық қылқалам шеберлерінің қолынан туған. Ұлттық нақышқа қанық жұмыстар –ұрпақтар сабақтастығының айқын бір белгісі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер