Британиялық туристер Астанаға келуге құлшынып отыр. Олардың халықаралық көрмеге деген қызығушылығы ерекше. Лондондық Дарэ Морн саяхаттағанды жақсы көреді. Ол барған елдерде ерекше әсер қалдыратын бітімі бөлек дүние іздейді. Дарэ мәдениет пен дәстүрге бай Қазақстаннан көрері көп екендігіне сенімді. Оның үстіне көрме бұл қасиеттердің барлығын бір қала – Астанада тоғыстырды.

 

ДАРЭ МОРН, ЛОНДОН ТҰРҒЫНЫ:

 - Мен Астанаға барып, ЕХРО-ны көруді асыға күтіп жүрмін. Көп нәрсені тамашалайтындығыма сенімім зор. Білесіз бе, меніңше Астананың туристік саланы дамыту бағытындағы әрекеті құптарлық және бұл жыл Қазақстан үшін естен кетпес жыл болады деген ойдамын.

Лондон туризмнің әлемдік орталығы екендігі белгілі. Келетін қонақтардың саны жөнінен Парижден кейінгі екінші орында тұр. Лондон мұражайларында әр дәуір мен әр халыққа тиесілі тарихи және мәдени құндылықтар орналасқан. Лондондықтар ЕХРО-2017 өткеннен кейін Астана туристік хабқа айналатындығына сенімді.

 

АСПИ ИРАНИ, ЛОНДОН ТҰРҒЫНЫ:

 - Мен бұған дейін Астана туралы көп біле бермейтінмін. Қазақстанда да болған емеспін. Фотосуреттерден әсем ғимараттардың көп екендігін, заманауи инфрақұрылымның бар екендігін білу мен үшін өте қызықты болды. Ия, бұл таң қалдырады. ЕХРО бүкіл әлемнен өте көп адам баратын болады.

Іскер қауымның да бұл шарадан дәмелері зор. Олар ЕХРО-2017 кезінде әлеуетті әріптестермен бизнес байланыстар орнатамыз деп отыр.

 

ПОЛ СПЕНСЕР, БИЗНЕСМЕН:

 - Мен Астанаға шілдеде барып, ЕХРО-ға қатысамын деген үміттемін. Менде бизнес-әріптестіктер пайда болды және кейбір жоспарларымды жүзеге асырсам деймін. Қазақстан жалпы алғанда менің пайымымда бізді шынымен де қызықтыратын, Батыс пен Шығысты байланыстыратын көпір іспеттес. Біз елдеріңізге инвестиция құюға ниеттіміз.

  Астанадағы ЕХРО мәлім де беймәлім Қазақстанды тануға арналған ерекше мүмкіндік, дейді туристер. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер