Маңғыстау облысында орналасқан тарихи және археологиялық ескерткіштердің жол сызбасын жасау үшін «Үстірт құпиясы» экспедициясының мүшелері 1 жарым мың шақырым жолды жүріп өтті. Енді олар туристер үшін ең тиімді әрі қауіпсіз жолдардың картасын жасап шығарады. Бұл бағытпен жүрген жиһанкездер Маңғыстау өңіріндегі Бозжыра шатқалын, Қарақия ойысын, Шақпақ Ата мешітін тағы да басқа көрікті жерлерді тамашалай алады. Экспедиция мүшелері бұл сапары жайында фото және бейне материалдар әзірлеген.

 

МАРҒҰЛАН СЕЙСЕМБАЕВ, ЭКСПЕДИЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Қазақстандағы 25 мыңға жуық тарихи, археологиялық есткеркіштің тең жартысы, яғни, 11 мыңы Маңғыстау облысында орналасқан. Экспедиция кезінде солардың барлығын қамтуға тырыстық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер