ЕХРО халықаралық көрмесінің басталар күні жақындаған сайын елорданың көркіне көз тояр емес. Ару Астана сылқым қыздай сыланып, түрленіп жатыр.

Бір сөзбен айтқанда Астана мәртебелі меймандарды қарсы алуға дайын. Қонақтардың алды келе де бастады.

САУАЛНАМА:

1. «Астана соңғы 2-3 жылда шоқ жақсы болды. Бәрісі чок жақсы».

2. «Я приехал с Канады. Красиво, просто класс, такие здания».

Көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкелді. Қалада жаңа теміржол вокзалы ашылды. Орталық Азиядағы ең үлкен теміржол бекеті «Нұрлы жол» вокзалының аумағы - 126 мың шаршы метр. Тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдауға қауқарлы.

Астананың әуежайы да шеттен келетін қонақтарды қабылдауға толық дайын. Енді елорданың әуе айлағының көлемі 25 мың шаршы метрден, 47-ге дейін кеңейді. Бұрын 3 миллион жолаушыны қабылдайтын болса, енді 8 миллионнан астам жолаушыны әуеге көтереді.

Қала көшелерінде кәдесыйлар дүкендері де ашылды. «Қуыс үйден құр шықпа» дейтін халқымыз сырттан келген туристерге арнайы ЕХРО көрмесіне әзірленген бұйымдарды ұсынады.

 

МАРЖАН УТАРАЛИЕВА, САТУШЫ:

 - Ұлттық нақыштағы кәдесыйлар да бар. Мына түйелер мен киіз үйлер киізден жасалған. Табиғи таза заттар. Бұларды өз қолдарымен мүмкіндігі шектеулі қоғам жасап берді. Сатылымнан түскен қаржының бір бөлігі солардың қорына беріледі.

 

Ал көрмеге келетін меймандар үшін арнайы тұрғызылған қалашық алғашқы қонақтарды қабылдап та жатыр. Солардың бірі – Эпекко Пуло. Фин азаматы ЕХРО қалашығында үшінші апта тұрып жатыр.

 

ЭПЕККО ПУЛО, ФИНЛЯНДИЯ АЗАМАТЫ:

 - Қалашық өте ұнады. Бәрі де ойластырылып жасалған. Өте ыңғайлы әрі жайлы. Қазақстан көрмені өткізуге тыңғылықты даярланған. Жақсы деңгейде өтетініне сенімдімін.

 

Астана ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге дайын. Қонақтарды қарсы алып, жайғастыратын қонақ үйлер жарқырап тұр. Туристерді тасымалдайтын арнайы көліктер де сақадай сай. Халықаралық деңгейдегі шараға келушілерге халықаралық деңгейдегі қызмет ұсынылмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер