Еліміздің саяси экономикалық даму қарқынын сақтап, баянды болашағын қамтамасыз етудің кілті рухани жаңғыруда жатыр. Сол себепті де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында осы мәселеге айрықша мән берілген. «Рухани жаңғыруды» ұлттың рухани темірқазығы ету идеясын Жайық жұртшылығы да қолдайды. Осы бағытта Орал өңірінде атқарылар іс-шаралар белгіленіп,  жұмыс топтары құрылды. Ал «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын Қазақстан Халқы ассамблеясы жүзеге асырмақ. Өңірдегі «киелі жерлер картасын» жасақтауды мәдениет басқармасы қолға алып отыр.

 

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ҚҰСАЙЫНОВ, БҚО МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Тарихтан сабақ ала отырып, Елбасы ескертеді, біз өз алтын тамырымызды үзбеуіміз керек. Біз алтын тамырымызды іздеп тауып, сонымен бүгінгі күнді сабақтастыру керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер