Ел аймақтары ЕХРО көрмесіне дайын. Алматы облысының Алтынкөл теміржол станциясы ауқымды шараға деп Қытайдан келетін жолаушыларды қабылдайды. Бұған дейін Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Орталық Азия мен Кавказға тасымалданатын жүктің негізгі бөлігі осы Алтынкөл станциясы арқылы өтетін. Енді, міне, жолаушылар пойызы да жүретін болды.

 

НҰРБИКЕШ МАУСЫМБЕКОВА, АЛТЫНКӨЛ СТАНСАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - EXPO-ға қарсы пасажирский поезд жүреді деп жатырмыз.Біреуі 25-Тальго үлкен вагондар, одан кейін Қытайдың составы. Осы екі пойызды қабылдауға дәл қазір дайындығымыз бар. Станца ол жағынан дайынбыз.

Ал Оңтүстіктегі Отырар ауданы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне орай арнайы туристік бағыттар дайындады. Мұндағы тарихы тереңде жатқан қорымдар туристердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Саяхатшылар аты аңызға айналған Отырар қаласының құпиясы мен сырына кеңінен қанық болады.

Бүгінде ескі шаһардың қақпалары қайта жаңғыртылып жатыр.

 

ПЕРДЕХАН ЖАППАРҚҰЛОВ, ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Сол жолға келе жатқан кезде Арыстанбабатың қақпасы да, Отырар төбенің кірер қақпасына да туристерге қолайлы жағдай жасау үшін түрлі шаралар іске асырылуда қазір. Бұның басын абаттандырылуы, Отарар төбенің басында келетін сервистік қызметтердің дұрыс көрсетілуіне байланысты дұрыс жағдайлар қазір жасалып жатыр.

 

Ауданда жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында табылған бірқатар бұйымдар мемлекеттік археологиялық қорық музейіне өткізілген. Олар да меймандар назарына ұсынылатын болады.

 

АЙБЕК ЖАНДОСОВ, ОТЫРАР МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНТЕДІН АТҚАРУШЫ:

 - Біздің музей екі жаздан тұрады: Бірінші, архелогиялық зал, онда тас дәуірінен бастап қазақхандығының тұсына дейін кезең-кезеңімен көрсетіледі. Екінщшісі этнографиялық бөлім. Ол 19 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.

Туристерді қызықтыратын нысандардың тағы бірі – этно ауыл. Мұнда да туристерге қызық көп болмақ.

2 гектар аумаққа бөренеден қақпа тұрғызылған әрі төрт-түлікке арналған қоралар да дайын тұр. Мұның барлығы тарихи аймақта орналасқан. Осылайша, қонақтар халқымыздың тұрмысымен, бай салт-дәстүріне куә болмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер