Канаданың Виннипег қаласында Астана қаласына арналған кітаптың тұсакесер рәсімі өтті. «Астана: Сәулет. Аңыз. Тағдыр» атты бұл туындыны профессор Франк Альбо жазған. Жазушы өз шығармасында Қазақстан елордасына жасаған сапарынан алған әсерімен бөліскен.

 

ФРАНК АЛЬБО,  КІТАП АВТОРЫ:

 - Маған Астанада Оқушылар сарайы ерекше әсер берді. Оның сәулеттік келбеті таңдай қақтырады. Көркі көз тартар ғимарат дәстүрлі көшпелі мәдениет пен модернизмді біріктіріп отыр.

 

КОНСТАНТИН ЖИГАЛОВ, ҚР КАНАДАДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Биыл Астанаға - 20 жыл. Аз ғана уақыттың ішінде жас шаһардың әлем алдында беделі артып үлгерді. Елордамыздың жаһандағы алпауыт елдердің бас қаласымен терезесі тең. Мұны Канаданың белгілі профессоры өзінің кітабында жақсы жазған.

Енді Астана жайлы бұл естелік Лондон, Вашингтон, Оттава қалаларында таныстырылады. Сондай-ақ, автор ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде төл туындысын еліміздің бас қаласында көпшілікке паш етпек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер