Ер есімі ел есінде! Қанжығалы қарт Бөгенбай атанған батырдың ерен ерлігі бүгінгі күні де даңқ биігінде. Тарихи тұлғаға тиесілі мұралары еліміздің әскери-тарихи мұражайының төрінен орын алды. Аты аңызға айналған батырдың  ел бүтіндігінің қамында жауға қарсы көтерген бес қаруының бірі – айбалта, оған қоса кісе белбеуі көпшілік назарына ұсынылды. Қару ақ болаттан жасалып, күміспен зерленген. Аталарынан мирас болып қалған құнды жәдігерлерді ұрпағы 3 ғасыр бойы көздің қарашығындай сақтап, жан баласына көрсетпей келген. Қанжығалы Бөгенбай – үш жүз әскерінің бас қолбасшысы балып бір де бір ұрыста жеңіліс көрмеген қазақтың хас батыры.

 

АЙБОЛАТ КӨШКЕНБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Қанжығалы қарт Бөгенбайдың шежіресі бар осы күнге дейін сақталған. Сондықтан ол болған адам, нағыз қазақтың батыры 18 ғасырда өмір сүрген. Бүкіл тарихи деректерді бір жерге жинау керек. Зерттеу үшін, елге көрсету үшін тарихымыздың қандай болғанын батырларды.

Бұған дейін Айдарбек батырдың ұрпағы сан жылдар бойы сандық түбінде сақталған бабаларының ақ сауыты мен қылышын мұражай қорына тапсырыпты. Ол 16-17 ғасырларда сыр өңірінде өмір сүрген.  Жақында ат үстінде жүріп өмірін елін жаудан қорғауға арнаған Сарыбай батырдың қару-жарағы да көрмені толықтыратын болады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер