«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын шет елдік саясаткерлер қызу талқылап, пікір білдіріп жатыр. Олар осы мақсатта тәжірибе алмасуды көздейді. Әсіресе «100 жаңа оқулық», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», латын әліпбиіне көшу, ұлттық код, киелі жерлер географиясы сияқты өзекті мәселелерге аса қызығушылық танытты. Бұл мақсаттарға қол жеткізсек – қазақ елінің әлемдік мәртебесі бұрынғыдан да жоғарылай түспек.

 

ПУНИТ ГАУР, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ОҚЫТУШЫСЫ, ПРОФЕССОР:

 - Мен Қазақстанға өткен жылдың қыркүйек айында келдім. Бұрын сіздердің ел туралы көп еститінмін. Енді елдегі мемлекеттік саясат, оның экономикалық даму мүмкіндіктеріне куә болып жүрмін. Ал,сіздердің президент жариялаған мақала жариялана салысымен аудармашылар арқылы бірден таныстым. Алған әсерім керемет. Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтарға баса мән берген. Ол кісінің өзі атап көрсеткендей бұл мына жаһандану заманында ел мен жерді сақтаудың, өзгеге танытудың бірден-бірі дұрыс жолы болмақ.

 

Ал Түркияның «Avrasya Bir» стратегиялық зерттеу орталығының төрағасы Шабан Гүлбахар Мемлекет басшысының жаһандану заманында ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтай отырып, мәдени-рухани жаңғыру туралы ұсыныстарын қолдайтынын жеткізді. Бұл ретте сарапшы: «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – уақыт талабы. Өйткені бұл қадам жас буын өкілдеріне жаңа технология мен инновациялық жетістікке негізделген ғылыми ортаға еркін ықпалдасуына жол ашады». Сондай-ақ, түбі бір, тілі ұқсас түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да бір-бірін еш кедергісіз түсінісуіне мол мүмкіндік береді, дейді ол.

 

ШАБАН ГҮЛБАХАР, «AVRASYA BIR» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Елбасы мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Латын әріптерімен жазылғандықтан, көріп тұрсыз, еш қиындықсыз оқып шықтым. Мағынасы да түсінікті. Тіліміз ұқсас болған соң, ортақ сөздеріміз де жиі кездеседі. Сондықтан қазақ тілінің латын графикасына көшу бастамасын бауырлас түркі халықтары да қуана қабыл алды. Қазақстан Мемлекет басшысы жаһандық үдерістердің ықпалын елеп-ескеріп, халықтың мәдени-рухани жаңғыруына сеп болар ілкімді жобаларды жария етті. Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың мәдени мұралары мен құндылықтарын сақтап, елдікті нығайту жолында көтеріп отырған бұл бастамалары өте өзекті әрі өміршең деп бағалауға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер