«Бабалар ізімен» экспедициясы Ресейдің Астрахань облысында жерленген бабамыз Құрманғазы Сағырбайұлының басына барып, Алтынжар ауылындағы мұражайда сақталған құнды жәдігерлермен танысты. Күй әлемінде өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған дала сазгерінің бүгінде «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» секілді күйлері кеңінен танымал. Одан бөлек 60-қа жуық туындысы тағы бар. Алтынжардағы бұл мұражайға алыс-жақын елден келушілердің қарасы көп. Мұндағы ең құнды жәдігер –Құрманғазы Абыр атты досының немересіне күй шертуді үйреткен домбыра.

 

ЖҰМАҚЫЗ ИМАНБАЕВА, МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Құрманғазы атаға айтқан: «Мына менің домбыраммен немереме өзіңнің білетін күйлеріңді үйрет» деп. Сонда Құрманғазы атамыз шектің бәрін өзі істеген. Былтыр бізге Италиядан профессор келді. Сол кісінің сонда осы домбыраны қарап айтқаны мына домбыраның шектері миллиметр миллиметр дұрыс істелген.

Мұражайдың жанында мәдени орталық ашылған. Дәулескер күйшінің өмірі мен шығармашылығымен танысуға келгендерге Құрманғазының күйі шертіліп, ұлттық дәстүріміз дәріптеледі.

 

АМАНГЕЛДІ ӘБІЛҒАЗИЕВ, «ҚҰРМАНҒАЗЫ» АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қызметіміз көрсету. Құрманғазы ата туралы жеткізу кім болғанын, қандай композитор болғанын. Сол Құрманғазы атамыздың күйін тартып, сол доносим именно туристерімізге, қонақтарымызға.

Дала консерваториясы түлегінің таланты әлемдік деңгейде мойындалған. Тек, бабаның қалдырған мұрасын сақтау, насихаттау бүгінгі буынға жүктелген жауапкершілік.

 

САПАР ЫСҚАҚОВ, САЯХАТШЫ:

 - Жастар өздерінің егер көбірек өзінің бабаларын білсе, оларда қалған тарихты, мәдениетте қалған іздерін білетін болса, әсіресе Құрманғазы бабамыздан қалған қаншама күйлер бар. Солардың бәрін естіп жүрсе үлкен рухани жаңғыру алады.

«Бабалар ізімен» экспедициясы Астраханьдағы сапарын аяқтап, Дағыстанға бет алды. Бабалар тұлпарының тұяғы жеткен бұл өлкеде де ашылмаған сыр көп.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер