ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясында шетелдік қонақтарға көрсетілетін туристік орныдардың қатарында Көлсай да бар. Биыл аталған мемлекеттік ұлттық табиғи парктің құрылғанына – 10 жыл. Соңғы кезде Көлсайдың көрікті табиғатымен танысуға келетіндердің қатары көбейді. Өткен жылы аймаққа 20 мың адам саяхаттаған.

 

СТАНИСЛАВ МАЦИАС, САЯХАТШЫ /ПОЛЬША/:

 - Көлсай туралы ғаламтор арқылы білдім. Сөйтіп, көп ойланбай билет алып ұшып келдім. Табиғатты сипаттау мүмкін емес. Керемет. Екі апталық демалысымды осында өткізсем деймін.

 

Алматы облысындағы экологиялық аймаққа шетелдік саяхатшылардың көптеп келуі осы төңіректегі ауылдың әлеуметтік ахуалы мен экономикалық жағдайына оң ықпал етері сөзсіз. Қазір мұнда жеке кәсіпкерлер көл жағалауын жалға алып, қонақ үйлер мен демалыс орындарын салып жатыр. Негізгі талап- құрылысқа қоршаған ортаға еш зияны тимейтін табиғи бұйымдарды ғана қолдану қажет.

 

ӘМІРЖАН МАЛЫБЕКОВ, «КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ-ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстанда үлкен «Нұрлы жол» жоспарымен жолдар жасалып жатыр. Соның бірі – Көлсайға деген республикалық маңызы зор жол құрылысы. Қазіргі күні жартылай бітіріп қалды. Келесі жылы аяқталады деген ойдамыз.

 

Табиғаты тамаша мекенде жастар санасына ізгілік пен адамгершілік қағидаларын сіңіру, табиғатқа жанашыр болуды үйрету мақсатында Парктер күні аталып өтті. Жыл сайын мұнда өңірдің өнерлі жасөсіпірімдері жиналып, туризмды дамыту жобаларын таныстырады.

 

АЙСҰЛУ САТЫБАЛДЫ, ОҚУШЫ:

 - Ауылымызды көрскейту үшін біз 3-4 тілді білуіміз керек. Біз сол арқылы елмізді, Көлсай көлдерін жаңғырта аламыз. Ол үшін кенжелеп келе жатқан туризмді дамуту үшін оны тың жобалармен көркейтуіміз керек.

Көлсайда бірнеше емдік-сауықтыру кешендері бар. Одан өзге еркін демаламын деушілерге жаз айларында ауылдағы әр үйде ұлттық тағам түлеріне толы берекелі дастарқан жаюлы тұрады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер