Қазақстан қоғамын жаңғырту аясында этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселесі Мәскеуде талқыланды. Белгілі ресейлік саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, философтар мен тарихшылар сондай-ақ, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар дөңгелек үстел басында бас қосты. Олар мемлекеттің тиімді жаңғыруы үшін қазіргі заманғы азаматтың қандай болу керектігін сарапқа салды.

 

ДИНА АМАНЖОЛОВА, ТАРИХШЫ, РҒА КОРРЕСПОНДЕНТ-МҮШЕСІ:

 - Менің ойымша, ең бастысы білім, ғылымды және гуманитарлық оқуды алға қою керек. Дәстүрімізді барлық жаналықпен, бүкіл әлеммен ұштастыруға үндеу. Мысалы, біз небір тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге кезігіп жатамыз. Сондықтан, біз алдағы уақыттарда дәстүрімізге деген сеніммен өмір сүре отырып, жаңалықтың ашықтығын байланыстыра алатын жолды тапқан ләзім.

 

АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВ, РҒА ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қазір бүкіл әлем өте қиын кезеңді бастан кешіп отыр. Жер-жерлерде ұлттық шекараларды, ұлттық мәдениеттің бір бөлігін өшіретін жаһандану үрдістері болып жатыр. Әрине, бұл жағдайда ұлттық бірегейлікті сақтай білу керек.

 

Азаматтық қағиданы «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыра отырып, әлемдік қоғамдастыққа енудің негізгі жолымен жаңғыртуға болады, дейді ғалымдар. Бұл міндеттерді жаңа типтегі азаматтар шеше алады: олар – өмірде нақты ұстанымы бар жаңалықтарға ашық, шығу тегін құрметтеген қазақстандықтар.

 

СЕРГЕЙ РЕКЕДА, ММУ АТО БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан саяси ұлт пен оны дамыту мәселесіндегі саяси және экономикалық мәселелерге толығымен әділ сүйенді. Себебі, ол, әрине, қазіргі уақытта дамыған, бірақ мәселе ұлттың нығаюы мен дамуында.

 

ДМИТРИЙ ЖУРАВЛЕВ, АЙМАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Заманауи экономика – бұл білім экономикасы. Білімді пайдалану, оны өз біліміне айналдыру үшін дәстүрлі мәдениет бере алмайтын белгілі бір мәдени және психологиялық негіздер қажет. Президент дұрыс атап өткендей, қоғамдық сананы дәстүрімізді сақтау негізінде жаңғырту қажет.

Стратегиялық мақсаттар негізінде Қазақстанның барлық азаматын бірігуге үндеу ұзақ мерзiмдi болашаққа дайындама екенін сарапшылар жақсы біледі. Сондай-ақ ресейлік сарапшылардың қазақстандық бастамалары мен тәжірибелерін Ресей қоғамына қолайлылық тұрғысынан қарастыратынын атап өткен жөн.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер